ЕАЭО аясында Қазақстанның батыс өңірінде туризмді дамытуға болады - Н.Ноғаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО аясында Қазақстанның батыс өңірінде туризмді дамытуға болады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Бізде осы саланың өркенін жаю мәселелерін талқылауға арналған бірлескен сұхбат алаңы құрылған. Бізде үлкен әлеует бар, ішкі туризм есебінен, сонымен қатар Ресейдің көрші жатқан облыстарынан ғана емес, барша әлемнен туристерді тартуға болады. Ол үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысында туристерді тарта алатын тарихи мекендер жетерлік. «Бізде бірегей мекендер, табиғаты көркем жерлер толып жатыр. Мысалы, Шалқар көлін алайық. Ол теңдесі жоқ көл, оның суының құрамы теңіз суымен бірдей келеді. Бірақ инфрақұрылым ол жерде ақсап тұр. Биыл және келесі жылы көлік жолын аяқтауды жоспарлаудамыз. Инфрақұрылымды сапалы деңгейге көтеретін инвесторларды іздестіріп жатырмыз. Бүгінгі уақытта онда кәсіпкерлік бар. Бірақ оны жоғары сатыға көтеріп, дұрыс бағытқа салу керек», - деді Н.Ноғаев. «Орал қаласының өзінде тарихи тамыры тереңге кеткен. Саланы дамыту жергілікті атқарушы органдар үшін басым міндет болып табылады. Біздің облыстағы туристік қауымдастық бұны қолдап отыр», - деп түйді сөзін өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар