ЕАЭО аумағында мобильді роуминг алынып тасталады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық комиссия 2024 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдерінде мобильді роумингті алып тастау үшін барлық кедергілерді жоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі Бақыт Сұлтанов II Еуразиялық экономикалық форумға қатысушылардың басты назары цифрлық нарықтар мысалында монополияға қарсы реттеу мәселелеріне аударылғанын айтты.

«ЕАЭО туралы шарт шеңберінде біздің нарықтардағы, әсіресе трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік жағдайларын сақтау басты бағыт болып көрсетілген. Біздің экономикаларымыздың өзара ықпалы неғұрлым көп болса, ұлттық деңгейден де жоғары реттеу және ЕЭК-тің ұлттық монополияға қарсы органмен өзара іс-қимылы соғұрлым тез дамуы тиіс», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

ЕЭК монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Алексей Сушкевичтің айтуынша, негізгі міндет – экономикалық өзара іс-қимыл үшін маңызды болмайтын мемлекеттер арасындағы шекаралар жалпы нарықты сегментациялауға және оның іс жүзінде ыдырауына мүдделі болуы мүмкін нарықтың ірі ойыншыларының жеке күш-жігерімен қалпына келтірілмеуі.

Ол 2023 жылдың сәуірінде Ресей мен Беларусь арасындағы роумингте көтерілген төлемдердің күшін жою табысты өткеніне тоқталды.

«Біз бұл екіжақты тәжірибені зерттедік және оны кеңірек қолдануға болады», - деді ол.

Алексей Сушкевич роумингтің күшін жою бойынша статистикалық деректерді шығару халықаралық тарифтер құнын ел деңгейіне дейін, яғни 5-10 есе төмендетуді көрсетті деп түсіндірді. Алайда, ұялы байланыс операторларының табысы әңгімелер санының артуынан және интернет-трафик көлемінің ұлғаюы есебінен өтелген.

«Біз роумингтегі тарифтерді бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы ел ішіндегі тарифтерге жақындату 5-10 есе өсуге, дыбыстық және интернет-трафиктің өсуіне әкеледі деп болжап отырмыз. Сондықтан, кірістің азаюы туралы әңгіме шындыққа жанаспайды. Аздаған техникалық проблемалар қалып отыр, оларды шешу үшін комиссия 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жоспарды бекітті», - деп қорытындылады ЕЭК департаментінің директоры.

Айта кетейік, 24-25 мамыр күндері Мәскеуде II Еуразиялық экономикалық форум өтті. Бұл шара ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылды.


Соңғы жаңалықтар