ЕАЭО аумағына ортақ валюта енгізу мәселесі күн тәртібінде жоқ – Бақытжан Сағынтаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев аталған одақ аясында ортақ валюта құру талқыланып жатпағанын айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл біздегі одақ келісімшартынан шығып отыр. Ол келісімшартқа сәйкес, 2025 жылға қарай біз ЕАЭО елдеріне ортақ, бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыруымыз керек. Осының аясында қаржылы саласының заңнамасын үндестіру туралы келісім қабылдануы керек. Қаржы саласы дегенде банктер, бағалық қағаздар, сақтандыру нарығы екенін білесіз», - деді Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық комиссияның Алматыда өтіп жатқан кеңейтілген отырысының кулуарында.


Оның айтуынша, одаққа мүше елдердің қаржы саласын реттеуші органдары арасында да, Еуразиялық экономикалық комиссия аясында осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

«Оның үстіне ортақ қаржы нарығын қалыптастыру туралы 2019 жылы қабылданған тұжырымдама бар. Бұл құжат бойынша да жұмыс жүріп жатыр. Келісімшарт бойынша 2025 жылға қарай үкіметтер үстінен қарайтын қаржы реттеуші орган құрылуы керек. Оның базасы Алматыда болатыны айтылған. Қазір ЕАЭО қаржы реттеушілері комиссиямен бірге осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл жерде ортақ валюта енгізу мәселесі туындай ма? Жоқ, әрине. Біздің базалық құжаттардың бәрінде – келісімшартта да, тұжырымдамада да, басқа құажттарда да ол туралы ештеңе айтылмайды. Тек заңнаманы үндесттіру туралы ғана айтылған. Яғни, бүгінде комиссия аясында да, еш жердің күн тәртібінде ортақ валюта енгізу туралы мәселе қойылып отырған жоқ», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар