Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

ЕАЭО, АСЕАН, БРИКС, ЕО ШЫҰ-ның сенімді серіктесі бола алады - ҚР Президенті

2019 жылғы 14 маусым 13:24 290
Бөлісіңіз:
ЕАЭО, АСЕАН, БРИКС, ЕО ШЫҰ-ның сенімді серіктесі бола алады - ҚР Президенті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін қолдап, нығайта түсу қажет. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.

Ұқсас жаңалықтар
Владимир Путин ШЫҰ-ның кезекті саммиті қашан өтетінін айтты Тоқаев жаһандық жанжалдарды дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды

"Менің сенімімше, ШЫҰ ең тиімді, беделді халықаралық бірлестіктердің бірі саналады. Жас ұйым бола отырып ол өз дамуында айтарлықтай табысқа жетті және сол арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударды. Бізге ШЫҰ-ның әлеуетін қолдап, нығайта түсу қажет. Мәселен, ШЫҰ үшін стратегиялық ұзақмерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтасты туралы шарт аясында 2019-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру керек", - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы Еуразияның негізгі көпжақты құрылымдарымен толық форматты қарым-қатынасты кеңейту қажеттігіне назар аударды. Осы ретте Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ірі өңірлік бірлестіктермен және Еуропа мен Азияның жобаларымен серіктестік қатынастар орнату туралы бастамасы назар аударуға тұрарлық екендігін баса айтты. 

"Блоктың дүниені қабылдау стереотиптерін еңсеру, ынтымақтастықтың ашықтық пен тең құқылық негіздерін нығайту айрықша маңызды бола түсуде. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ, сонымен қатар АСЕАН,БРИКС және Еуропалық одақ ШЫҰ-ның сенімді серіктесі бола алады", - деді ҚР Президенті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT