Е.Сұлтанов: Жыл сайын СҚО шамамен 1,5 млн. тонна астықты экспорттайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысы еліміздегі жоғары сапалы бидайдың үштен бір бөлігін жинайды, сондай-ақ алыс және таяу шетел елдеріне шамамен 1,5 млн. тонна сапалы астық, 150 мың тонна ұн, 200 мыңнан астам тонна майлы дақылдар тұқымдарын экспорттайды.

Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесу барысында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов хабарлады.

«Өткен жылдың қорытындылары бойынша, облыс экономикасында серпін байқалып отыр, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілген. Өткен жылы біздің облысымыздың жалпы аймақтық өнімі 2,8 пайызды құраған. Оның жалпы көлемі 856 миллиард теңгеге дейін өсірілген. Жыл сайын облысымыз республикада жоғары сапалы бидайдың үштен бір бөлігін жинап, сондай-ақ алыс және таяу шетел елдеріне шамамен 1,5 млн. тонна сапалы астық, 150 мың тонна ұн, 200 мыңнан астам тонна майлы дақылдар тұқымдарын экспорттайды. Облысымыздың басты саласы - ауыл шаруашылығындағы өсім қарқындары бойынша аймақ республикада үшінші орын алып тұр. Бұл салада жалпы өнім өсімі жыл қорытындылары бойынша 7,5 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілген», - деп атап өтті өз сөзінде Е.Сұлтанов.

Өткен жылы солтүстікқазақстандық диқандар егіс жинау науқанын табысты өткізіп, гектарына 17,1 центнерден өнімділік жағдайында 5,5 миллион тонна астық жинады.

«Бұл ауыл шаруашылығының барлық жұмыскерлерінің үлкен еңбегі! Аймақта ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтып отырған мал өсіру шаруашылығы да табысты даму үстінде. 2015 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы 108,4 пайызға, «Құлан» - 159,5 пайызға, «Алтын асық» - 109,5 пайызға орындалған. Осының барлығы агроқұрылымдарда мал басының 14,7 пайызға өсімін қамтамасыз еткен. 2015 жылы облыс 969 тонна етті экспорттап, жоспарды 38 пайызға асыра орындады. Мал санын және мал шаруашылығы өнімдерін шығару көлемін көбейту жұмысы жалғасын табады. Биылғы жылы 31 мыңнан астам мал басын сатып алып, ет өндірісін 93 мың тонна, сүт өндірісін - 510 мың тонна, жұмыртқа шығаруды - 600 млн. данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр», - деді аймақ басшысы.
null

Соңғы жаңалықтар