E-SHANYRAQ: Көппәтерлі үйлер ай сайын 11 млн теңге үнемдейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек E-SHANYRAQ жобасы аясында үнемделген қаражаттың сомасын атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, өткен жылдың соңында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі пилоттық режәмде іске қосылған болатын. Оған 5 217 көппәтерлі тұрғын үйдің электронды теxникалық паспорты енгізілді. Бұдан бөлек, 5 767 түрлі есептеу құралдары қосылды.

«Пилоттық 166 тұрғын үйдің 58-і жалпыүйлік есептегіштермен жабдықталды және есептік ақпаратты жүйеге жолдайды. Бүгінде жылу үшін төлемнің 41 процентке төмендегені байқалады. Желтоқсан айында 58 көппәтерлі тұрғын үйдің орташа экономикалық тиімділігі 11 миллион теңгеден асты. Ал, жылыту маусымының соңында 44 миллион теңге үнемделеді деп күтілуде», - деді Ж.Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, отырыс барысында Ж.Қасымбек 4 проценттік автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу туралы қаулыны таныстырды. Бұдан бөлек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «5-20-25» шартымен берілетін ипотекасына қосымша қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар