Э.Байғазиннің киножобасы Роттердамдағы халқаралық кинонарыққа қатысатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кинорежиссер Эмир Байғазиннің «Қаланың үстімен» киножобасы Роттердамда өтетін халқаралық кинофестиваль аясындағы CineMart кинонарығына қатысатын болды.

Мәдени шара қаңтар айының соңында өтеді. Биыл киноиндустрия саңлақтарының назарына Голландия, Ұлыбритания, Австралия, Қытай, Бразилия, Франция, АҚШ елдерінің 25 жобасы ұсынылатын болатын.

Роттердам фестивалі Эмир Байғазиннің бұл картинасының бастапқы өндірісіне Hubert Bals грантын ұсынған болатын.

Қазақстандық режиссерден басқа Берлинале фестивалінде «Күміс аю» алған Раду Жуде, Канн фестивалінде Art Cinema Award жүлдесін жеңіп алған Чиро Гуэрра өз туындыларын көрсетеді.

«Қаланың үстімен» киножобасының сюжеті - Алматы дәмханаларының бірінде танысқан екі жас туралы болмақ.

«CineMart биылғы финалына алынған жобалардың бірінен бірі өтеді. Бірегей картиналарда режиссердің сарқылмас мүмкіндігі анық көрінгендей», - деді кинонарық директоры Марит ван ден Элсхоут.

Кинонарық аясында жетекші еуропалық киноқорлардан 3 негізгі жүлде тағайындалатын болады.

Айта кету керек, қазақ режиссері Эмир Байғазиннің аты Берлиналеде өткен кинофестивальде әлемге таныла бастады. Оның «Үндестік сабақтары» Берлиналеде өткен кинофестивальде «Күміс аю» жүлдесін иемденді. Ал Morgenpost басылымының оқырмандары ең үздік картина деп бағалады.
null

Соңғы жаңалықтар