+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенттері «ТМД-ның үздік түлегі» атағына ие болды

2021 жылғы 24 маусым 00:55
Бөлісіңіз:
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенттері «ТМД-ның үздік түлегі» атағына ие болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері BILIM-ORKENIETI ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «ТМД-ның үздік түлегі» халықаралық байқауының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл СҚО-ның 18 мектебіне оқушылар автобусы сатып алынды Білім грантына қатысу үшін 100 мыңға жуық өтініш түсті 200-ден астам қазақстандық Венгрияның  жоғары оқу орындарында тегін білім алады

«ТМД-ның үздік түлегі» халықаралық байқауына әр елден 300-ден астам студент қатысты. Қатысушылар аттестаттау комиссиясының назарына жоғары оқу орындарында оқыған жылдардағы қол жеткізген жетістіктерін ұсынды. Үміткерлердің ішінен комиссия ең үздік 80 студентті таңдап, оларды «ТМД үздік түлегі» төсбелгісімен, дипломдармен марапаттады. Сонымен қатар, оларға «Жас қоғам қайраткері» дәрежесі берілді.

Қарағандылық студенттер арасында Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенттері Гүлім Қалдыбаева мен Ақмаржан Камиева жоғары марапаттарға ие болды. Қыздар филология факультетінде оқиды. Олардың бірі қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болғысы, екіншісі журналист мамандығын таңдаған.

«Мен университет педагогтарына бізге берген білімі үшін өте ризамын. Жақында диплом аламын. Төрт жыл ішінде мен көптеген мақалалар жаздым, мен ғылыми жобалардың авторымын. Менің көптеген жетістіктерім бар. Конкурсқа қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Саржан Такиров қатысуға ұсыныс жасады. Оның қолдауының және жетістіктерімнің арқасында мен осындай жоғары марапатқа ие болдым», – деп атап өтті университет түлегі Гүлім Қалдыбаева.

Байқау жеңімпаздарының есімдері және олардың барлық жетістіктері «ТМД үздік түлектері» жинағына енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT