Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де ҚР Президентінің өкілеттілігі мерзімін ұзарту жөніндегі референдумның өтуін қолдауға арналған жиын өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазақстан жастары Елбасымен бірге!» атты акция болып өтті.

Іс-шараға қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігі мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі жалпыұлттық референдумның өткізілуін қолдайтындықтарын мәлім етті.

«Қазақстан Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекет құрып, оны дамыту миссиясы тұрған белгілі мемлекет басшыларының қатарына жатады», - деді Қарағанды Мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Еркін Күбеев.

Бұл акцияны ЖОО басшылығы, «Жас Отан» жастар қанаты мен басқа да жастар ұйымдары ұйытқы болып өткізген.

Соңғы жаңалықтар