Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

None
Фото: Қазақстан дэюдо федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Анталияда өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың бірінші күні Нұрқанат Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта жұбаныш финалында моңғолиялық Арунболд Энхатайванды ұтты.

Ол өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Украина өкілі Дильшод Халматовқа есе жіберді.

Өз тобында Цогиточир Бямбажовты (Моңғолия), әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Ким Вон Джинді (Оңтүстік Корея) және Назир Талибовты (Әзербайжан) жеңді.

Бұл - Нұрқанат Серікбаевтың Grand Slam жарыстарындағы екінші медалі. Ол осыған дейін Ташкентте өткен әлемдік додада күміс жүлдегер атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар