Дзюдошы Ғалия Тынбаева - Еуропа кубогының жеңімпазы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Мажарстанның Пакс қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

48 келі салмаққа дейінгі кубок финалында Ғалия өз отандасы Ақмарал Науатбектен басым түсті. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін турнирдің бірінші күні Нұрзат Сәлімбаев қола медаль иеленген болатын.

Еске сала кетейік, Пакстағы Еуропа кубогы 22 маусымда басталған. Оған 28 елден 413 спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғауда.

Соңғы жаңалықтар