Дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Азамат Мұқанов Қазақстан жастар арасындағы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне келді. Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов былтыр қараша айында кәсіби спорттағы карьерасын аяқтады. Енді ол спорттағы жолын бапкер ретінде жалғастырады.

А. Мұқанов - даңқты әрі тәжірибелі дзюдошы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Азия ойындары мен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Екі дүркін «Grand Slam» кезеңінің күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.

«Мақсатымыз - ел намысын абыроймен қорғайтын намысты жігіттерді Азия және әлем чемпионы етіп шығару. Біз шықпаған белесті жаңа буын бағындырса деймін», - дейді Азамат.

Ал бұрын аталмыш қызметті 2015 жылдан бері атқарып келген Арсен Хатип енді қыздар арасындағы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. Білікті бапкер өзінің осы қызметті атқару барысында 1 әлем чемпионы мен 4 қола жүлдегерін дайындап шығарды.

Соңғы жаңалықтар