Дзюдодан Ригада өткен Еуропа кубогінде Қазақстан көш бастады

None
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Латвия астанасы Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 18-19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады.

Финляндия құрамасы екінші, Украина дзюдошылары үшінші орыннан көрінді.

Қазақстандықтардан Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Айбол Нысанәлі (81 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанса, Нұрзат Сәлімбаев (66 кг) пен Еламан Ерғалиев (+100 кг) күміс, Еламан Сұлтанбай (66 кг) мен Руслан Мұсаев (81 кг) қола жүлдеге ие болды.

Айтулы додаға 24 елден 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Еуропа кубогінде 6 медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар