Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына Қазақстаннан кімдер қатысады

None
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада 16-18 маусым күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлемдік және олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл додада ел намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды.

Елорда татамиінде мына дзюдошыларымыз бақ сынайды.

Ерлер:

-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан, Дәурен Сюкенов.

-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді, Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан.

-73 кг: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Асқар Нарқұлов.

-81 кг: Айбол Нысанәлі, Руслан Мусаев, Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов.

-90 кг: Ермахан Ануарбеков, Мұхаммедали Мавлидов, Құдырет Досымов, Аян Байғазы.

-100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Садуақас, Бекзат Шағатаев, Ислам Бозбаев.

+100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев.

Әйелдер:

-48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Жанерке Асқарова, Нұрайлым Сәрсенбек.

-52 кг: Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ермағамбетова.

-57 кг: Севара Нышанбаева, Бақыт Құсақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова.

-63 кг: Мөлдір Нарынова, Есмигүл Куюлова, Анастасия Морозова.

-70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы, Диана Телбаева.

-78 кг: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко.

+78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова.


Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін бұл турнирге 45 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.

Айта кетейік, биыл Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын елімізде өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.

Сонымен қатар, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, жеңімпазға 1000, күміс жүлдегерге – 700, ал 3 орын иегеріне 500 ұпай берілетін болады.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.


Соңғы жаңалықтар