Дзюдодан қыздар құрамасы Еуропа кубогынан 3 медаль жеңіп алды
2022 жылғы 23 мамыр 11:14

Дзюдодан қыздар құрамасы Еуропа кубогынан 3 медаль жеңіп алды

МАЛАГА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан жастар қыздар құрама командасы Еуропа кубогынан үш медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Испанияның Малага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті.

Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.

Атап айқанда 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Есмигуль Куюлова қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Карина Такиева күміс медальмен күптелсе, Аида Тойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, аталған бәсекеге 29 елден 320 татами шебері қатысты.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT