Дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасы карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан құрамасы карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

«Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы 26 мамыр күні карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды. Алматы облысында өтетін жиын 12 маусымға дейін созылады. Одан кейін 26 маусымнан 7 шілдеге дейін Алматы қаласында орналасқан дзюдо академиясында жаттығуды жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Дзюдодан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев.
Оның айтуынша, барлық жиында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Спортшылардың қауіпсіздігін ескере отырып, алғашқы оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрамадан 10 дзюдошы шақырылады.


Соңғы жаңалықтар