Дзюдодан «Grand Slam» турнирі: Жапонияда ел намысын кімдер қорғайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Жапонияда өтетін «Grand Slam» жарысына қатысады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«22-24 қараша күндері Жапонияның Осака қаласында дзюдодан «Grand Slam» кезекті әлемдік турнирі өтеді. Дүбірлі додаға әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев (60 келі), Жансай Смағұлов пен Жанболат Бағытбергенов (екеуі де 73 келі), Руслан Мусаев (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) қатысады. Аталған спортшылардың барлығы жарысқа тыңғылықты дайындалды. Спортшыларымыз жарыстан жеңіспен оралады деп үміттенеміз», - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов.
Ал бұрымды балуандардан Осака татамиінде ел намысын Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі), Севара Нишанбаева (57 келі) және Зарина Райфова (78 келі) қорғайды.
- Оралда дзюдодан республикалық турнир мәреге жетті
- Бокстан Қазақстан құрамасы Кубамен бірлескен жиын өткізеді
- Геннадий Головкин ІІМ-нің медалімен марапатталды
- XIX қысқы Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті
-
Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді
-
Алматылық құсбегі «Қансонар – 2020» турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам