Дзюдодан Гран-при кезеңі: Смағұлов чемпион атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунисте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңінде Жансай Смағұлов (73 кг) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз финалда косовалық Акил Кгожаковты ұтып, биылғы жылдың алғашқы Гран-при кезеңінде чемпион атанды.

Жансай Смағұлов ширек финалда Франция елінің намысын қорғаған Акус Бенджаминді жеңсе, жартылай финалда ирандық Мохамед Мохамедиден айласын асырды. Финалда косовалық Акил Кгожаковты иппон әдісімен таза жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына екі қола медаль салған болатын. Оның бірін  66 келі салмақта ел намысын қорғаған Ерлан Серікжанов жеңіп алса, екіншісін 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев қанжығасына байлады.

Соңғы жаңалықтар