Дзюдодан Азия кубогін қазақстандықтар сәтті бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан құрамасы Кувейтте өтіп жатқан Азия кубогінде 2 «алтын» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кувейтте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Ел құрамасынан Ержан Еренғайыпов (60 келі) және Айболат Ыстыбай (66 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Қанат Сейілхан (60 келі) және Нұрайлым Сәрсенбек (52 келі) күміс алса, Молдаш Кемелбек (66 келі), Болат Біләл (66 келі) және Ислам Тоқтасын (73 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетсек, аталған жарысқа Азияның 27 елінен 150-ден астам татами шебері келді.

Жарыс 29 сәуірде мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын парадзюдошы Ерғали Шамей Азия чемпионы болды.


Соңғы жаңалықтар