+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Дзюдодан Азия чемпионатына баратын құрама жасақталды

2019 жылғы 16 сәуір 18:13
Бөлісіңіз:
Дзюдодан Азия чемпионатына баратын құрама жасақталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама мүшелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпионат 20-23 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтеді. Оған дүниежүзінің 40-қа жуық мемлекетінен балуандар келеді. Айта кетерлігі, дүбірлі додаға біздің балуандар толық құрамда қатысатын болады.

Жарыста жігіттер қатарынан Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Ерлан Серікжанов (66 келі), Елдос Жұмақанов (66 келі), Ақылбек Серік (73 келі), Дидар Хамза (81 келі), Руслан Мұсаев (81 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды. Ал қыздар арасында Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі), Ақмарал Науатбек (48 келі), Анна Казюлина (52 келі), Севара Нишанбаева (57 келі), Ақниет Тұрдан (63 келі), Иоланта Бердібекова (63 келі), Мөлдір Нарынова (70 келі), Зарина Райфова (78 келі) және Гүлжан Исанова (78 келіден жоғары) татамиге шығады.

Дзюдодан Азия чемпионаты 1966 жылдан бері өткізіліп келеді. Байрақты бәсеке 2004 жылы еліміздің Алматы қаласында жалауын көтерген болатын. Бүгінгі күнге дейін құрлықтық додада 351 алтын, 351 күміс, 699 қола жүлде сарапқа салынды. Оның ішінде 16 алтын, 20 күміс, 68 қола медаль біздің саңлақтарға бұйырды. Осының нәтижесінде жүлде алу жөнінен алғашқы бестікте тұрмыз.

Медаль алу жөнінен Жапония көш бастап келеді, олардың еншісінде 151 «алтын», 79 «күміс» және 96 «қола» бар. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Корея - 85 алтын, 84 күміс, 112 қола, Моңғолия 17 алтын, 39 күміс, 81 қола медаль еншілеген.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің балуандары сапынан Иван Каразелиди (65 келі), Сергей Шакимов (85 келі), Асхат Житкеев (100 келіге дейін), Базарбек Дөңбай (60 келі), Мұратбек Қыпшақбаев (66 келі), Максим Раков (100 келі) пен Гүлжан Иссанова (78 келіден жоғары), Сергей Лим (66 келі), Елдос Сметов (60 келі), Галбадрахын Отгонцэцэг (48 келі), Маржан Ордабаева (63 келі) чемпион атанған еді.

Бұдан бұрын еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болғанын хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT