Дзюдодан әлі «алтын» аламыз деп үміттенеміз – бас бапкер

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев Елдостың бүгінгі жестігіне аға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көңіл күйім, әрине, жақсы. Бүгін дзюдошылар үшін Олимпиада ойындары басталды. Әрине осы Олимпиада ойындарына «алтын» аламыз деген үмітпен келгенбіз. Елдос алтын алады ғой де ойлаған едік. Бірақ, қола медаль бұйырып тұр екен. Оған да рахмет», - деді бас бапкер БАҚ өкілдерінің сауалына тікелей байланыс арқылы берген жауабында.

Дзюдошы жігіттердің бапкері алда тағы тқрт шәкіртінің татамиге шығатынын еске салып, солардың бәрі алтын медаль арқалайды деп сеніп отырғанын атап өтті.

«Енді Елдостан да бөлек тағы төрт спортшымыз бар. Әлі солар бәсекеге түседі. Сондықтан, сол спортшыларымыз әлі бізді қуантады деген сенімдеміз. Алла қаласа, «алтын» болады деген сенімдеміз», - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

Еске салсақ, бүгін Токио төріндегі татамиде 60 келі салмақ бойынша белдескен Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған болатын. Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Және ол осы жеңісі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар