Дзюдодан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық екі балуан сайысқа түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 қазанда Өзбекстан астанасы -Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін татамиге ерлерден Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) шығады. Ал әйелдерде Гауһар Ирмағамбетова (52 келі) сынға түседі.

Дүбірлі дода 6-13 қазан аралығында өтеді. Онда еліміздің атынан барлығы 17 спортшы қатысады. Оның 9-ы ерлер, 8-і әйелдер арасында сынға түседі.

Іріктеу белдесулері 6-13 қазан сағат 11:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, бұдан ел құрамасынан Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ Әбиба Абужақынова дзюдодан әлем чемпионатында үшінші орынға көтерілді.


Ашық көздерден алынған фото





Соңғы жаңалықтар