Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-27 қыркүйек күндері Баку қаласында дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әлем біріншілігіне әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады.

Халықаралықдзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың еуро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро,ал қола жүлдегерге 7 еуро сыйақы беріледі.

Бакуде өтетін дзюдодан әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрама командасынан 17 спортшы қатысады.

Олар:

Ерлер:

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-81 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Ақниет Тұрдан (-63 кг)

Аэлита Щербакова (-70 кг)

Ажар Салықова (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Гүлжан Исанова (+78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Соңғы жаңалықтар