Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстандықтар татамиге шығатын күндер анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Катарда өтетін дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың қай күндері жарысқа шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік додада ел намысын 19 дзюдошы қорғайды. Олардың 10-ы ерлер, 9-ы әйелдер құрамасында татамиге шығады.

Жарыс күнтізбесі :

7 мамыр

Абиба Әбужақынова (48 келі)

Ғалия Тынбаева (48 келі)

Елдос Сметов (60 келі)

Нұрқанат Серікбаев (60 келі)

8 мамыр

Толғанай Әбеуова (52 келі)

Ғұсман Қырғызбааев (66 келі)

9 мамыр

Бақыт Құсақбаева (57 келі)

Жансай Смағұлов (73 келі)

Данияр Шамшаев (73 келі)

10 мамыр

Эсмигүл Құюлова (63 келі)

Абылайхан Жұбаназар (81 келі)

11 мамыр

Анастасия Маякова (70 келі)

Дидар Хамза (90 келі)

12 мамыр

Аруна Жангелдина (78 келі)

Нұрлыхан Шархан (100 келі)

13 мамыр

Кәмила Берліқаш (78 келіден жоғары)

Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары)

Ғалымжан Қырықбай (100 келіден жоғары)

14 мамыр

Аралас командалық жарыс

Әлем чемпионаты 7-14 мамыр аралығында өткізіледі. Оған 99 мемлекеттен 670-ден астам спортшы келеді деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар