Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасынан Нұрсұлтан Зайзағалиев, Әділ Мәрлен және Тілеген Тынарбай қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

60 келіге дейінгі салмақта Н.Зайзағалиев пен Ә.Мәрлен өзара қола медальді сарапқа салды. Белдесу барысында вазари әдісімен Нұрсұлтан алда келе жатқан-ды. Алайда төреші тарапынан оған үш ескерту беріліп, жеңіс Әділдің еншісінде кетті.

Батысқазақстандық Н.Зайзағалиев жартылай финалда жапониялық дзюдошыға (кейін ол әлем чемпионы атанды) есе жіберген еді. Ал Ә.Мәрлен жартылай финалда осы біріншіліктің күміс жүлдегері, әзербайжандық Камран Сүлеймановтан вазари әдісімен ұтылып қалды.

Тағы бір қазақстандық Тілеген Тынарбай 66 келіге дейінгі салмақта татамиге шықты. Ол қола жүлде үшін бәсекеде грекиялық спортшымен белдесті. Қарсыласына үш мәрте ескерту берілгеннен кейін Тілеген қола жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошының әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Жарыстың алғашқы күні Нұрқанат Серікбаев жеңімпаз атанса, Әлима Жұмағалиева қола жүлдеге ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар