Дзюдодан ӘЧ: Елдос Сметов ширек финалдан сүрінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалда Сметов тайпейлік Янг Вэйденмен белдесті. Ол негізгі уақытта қарсыласымен тең түсті. Өкінішке қарай, «алтын ұпайға» жалғасқан қосымша уақытта қарсыласы Елдостан бұрын ұпай еншілеп, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Енді Сметов Янг Вэй финалға шыққан жағдайда, жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алмақ.

Айта кетейік, 60 келіде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов бірінші белдесуінде 2021 жылғы әлем чемпионатының, 2021 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері әзербайжандық Карамат Гусейновтан айласын асырса, екінші белдесуінде израильдік Матан Коколаевты таза жеңді.

Сонымен қатар, осы салмақта бүгін тағы бір қазақстандық дзюдошы өнер көрсетті. Ол – Мағжан Шамшадин. Бірақ, Шамшадин бірінші белдесуінде италияық Анджело Пантанодан жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігі Ташкент төрінде 6-13 қазан аралығында өтеді. Аталған додада еліміздің атынан барлығы 17 спортшы (9 ер, 8 әйел) қатысады.



Фото: olympic.kz





Соңғы жаңалықтар