Дзюдо: Жамбылдық жасөспірімдер ел чемпионатында көш бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы медальдар саны жағынан көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Дзюдо федереациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатының жекелей сайыстары аяқталды.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан барлығы 395 дзюдошы қатысты.

Үш күнге созылған дүбірлі додада 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша 2020 жылы халықаралық додадаларда ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

Жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатының жекелей сайыстарының нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте медаль саны бойынша Жамбыл облысынң құрамасы көш бастады.

Жамбылдық балуандар 4 алтын, 2 қола жүлдеге ие болды. Ал екінші орынды 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдені иеленген Алматы облысының балуандары жеңіп алды. Қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдесі бар Қостанай облысы үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ, жарыс барысында жасөспірім ұл-қыздар арасында үздік спортшылар анықталды. Қостанайлық Жансая Ерқуанышова жасөспірім қыздар арасында үздік танылса, Алматы облысының дзюдошысы Алмат Серікбаев жасөспірім ұлдар арасындағы үздік спортшы атағынаа ие болды.


Соңғы жаңалықтар