Дзюдо: Сметов пен Қырғызбаев «Masters» турнирінде жүлдесіз қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Циндаода (Қытай) өтіп жатқан «Masters» турнирінде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Е.Сметов пен Ғ.Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.
Елдос жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригостан ұтылып қалды. Содан кейін кіші финалда ресейлік Роберт Мшвидобадзеге есе жіберді.
Ғұсман ширек финалда отандасы Е.Сметовке жол бергенімен, жұбаныш белдесуінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді тізе бүктірді.
Сосын қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Шарафоддин Лутфуллаевпен татамиге шықты. Бұған дейін қарсыластар үш мәрте кездесіп, соның екеуінде өзбекстандық дзюдошы ұтқан екен. Соның ішінде биыл Токиода өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Ш.Лутфуллаевтың басым түскені белгілі.
Бұл жолы Ғ.Қырғызбаев үш мәрте ескерту алып, жеңіс қарсыласына берілді.
Осылайша Е.Сметов пен Ғ.Қырғызбаев бесінші орынды қанағат тұтты.
Бұл салмақта финалда Ф.Гарригосты таза жеңген әлемдік рейтингте көш бастап тұрған жапониялық Рюдзю Нагаяма чемпион атанды.
Токиодағы әлем чемпионатында Е.Сметов жартылай финалда дәл осы Р.Нагаямадан ұтылып, қола жүлде үшін бәсекеде отандасы Ғ.Қырғызбаевты жеңген болатын.
Әйелдер арасында қазақстандық Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіге дейінгі салмақта жетінші орынмен шектелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошылардың Қытайда өтетін турнирге қатысатынын жазған болатынбыз.
- Ұлттар кубогі: Қазақстандық боксшы қыздар екі «алтын» алды
- Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Ақтөбе» жарысты жалғастыра ала ма
- Қарағандыда теннистен республикалық турнир мәреге жетті
- Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалына шықты
-
Қазақстандық клуб бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды
-
Головкин өз титулына үміткердің есімін білді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам