Дзюдо: Серік Бердімұратұлы - Моңғолия чемпионатының күміс жүлдегері

None
None
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қандасымыз Серік Бердімұратұлы дзюдодан өткен Моңғолия чемпионатында күмістен алқа тағынды.

Бұл туралы Kaznews.mn хабарлап отыр.

Кеше Ұланбатыр қаласында дзюдодан Моңғолия чемпиондары анықталды. Жарысқа моңғол елінің 25 командасынан 300-ге жуық дзюдо күресінің шеберлері қатысып, ел біріншілігі өте жоғары дәрежеде өтті. Құрама командаға ену үшін барын салған спортшылар татамиде тартымды таласта болды. Татамиде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық белдесуді қандасымыз Серік Бердімұратұлы Бейжің олимпиадасының чемпионы, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Найдангийн Түвшинбаярмен өткізіп, нәтижесінде Моңғолия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

Соңғы жаңалықтар