Дзюдо: Қазақстан құрамасы Қазанда Grand Slam турнирінде өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Қазан қаласында өтетін әлемдік Grand Slam турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, 5-7 мамырда өтетін жарысқа еліміздің намысын 18 спортшы қорғайды.

Ерлер:

1. Дәурен Сүйеукенов (60 кг)

2. Бауыржан Нарбаев (60 кг)

3. Ерлан Серікжанов (66 кг)

4. Есет Қуанов (66 кг)

5. Жансай Смағұлов (73 кг)

6. Данияр Шамшиев (73 кг)

7. Дидар Хамза (81 кг)

8. Айдар Арапов (90 кг)

9. Ислам Бозбаев (90 кг)

10. Айбек Серікбаев (100 кг)

11. Бекарыс Сәдуақас (100 кг)

12. Ерасыл Қажыбаев (100 кг жоғары)

13. Еламан Ерғалиев (100 кг жоғары)

Әйелдер:

1. Ақмарал Науатбек (48 кг)

2. Әбиба Әбужақынова (48 кг)

3. Севара Нишанбаева (57 кг)

4. Зере Бектасқызы (70 кг)

5. Кәмила Берліқаш (78 кг жоғары).



Соңғы жаңалықтар