Дзюдо: Қазақстан құрамасы әлемдік «Grand Slam» турниріне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Париж қаласында 10-11 ақпан күндері дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған әлемдік додаға 74 мемлекеттен ең таңдаулы 445 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан ерлер құрамасы бұл жарыстан тыс қалады. Ал ел намысын қорғауға Қазақстан әйелдер командасынан үш балуан қорғамақ.

Олар - 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек, 52 келі салмақта Кәмшат Қарасайқызы және 57 келі салмақта Анна Казюлина.

«Grand Slam» турнирінде бас ж.лдені жеңіп алған балуанға 1000 ұпай берілсе, екінші орынға иелік еткен балуанға 700 ұпай беріледі. Ал үздік үштікті түйіндеген балуандар 500 ұпайға иелік етеді.

Соңғы жаңалықтар