Дзюдо: Қазақстан командасы ұзақ үзілістен кейінгі турнирде медальсіз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін дзюдодан Будапешттегі Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні өтуде. Қазақстан командасы ұзақ үзілістен кейінгі турнирде медальсіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

100 келіге дейінгі салмақта белдескен Айбек Серікбаев пен Виктор Демьяненко екінші айналымнан аса алмады. Айбек Әзербайжан балуанына, Виктор Сербия балуанынан ұтылған. Бұған дейін Қазақстан командасының мүшелері жарыс жолынан шығып қалған болатын.



Соңғы жаңалықтар