Дзюдо: Ислам Бозбаев халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуанчжоу қаласында дзюдодан халықаралық Masters турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағанындай, Қазақстан құрамасы қос бірдей қола жүлдені жеңіп алды.

Жарыстың екінші күнінде 90 кг салмақта Ислам Бозбаев сәтті күресті. Ол алдымен кубалық Иван Моралесті ұтты. Содан кейін ресейлік Михаил Игольниковті жеңді. Дегенмен жартылай финалда Ислам испаниялық, әлем чемпионы Николас Шеразадишвилиге есе жіберді.

Қола жүлде үшін бәсекеде Бозбаев чехиялық Дэвид Кламмертті тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің 60 кг салмақта қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар