Дзюдо: «Grand Slam» кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10-12 мамыр күндері Әзербайжанның Баку қаласында өтетін әлемдік «Grand Slam» кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі күнге созылатын турнирге 60 елден 519 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Ал, аталған додада Қазақстаннан ерлерден - 7, әйелдерден - 4, жалпы 11 татами шебері ел намысын қорғамақ.

Олар:

Ерлер:

Бауыржан Нарбаев (-60 кг)

Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Есет Қуанов (-66 кг)

Сұңғат Жұбатқан (-66 кг)

Жанболат Бағытбергенов (-73 кг)

Мадияр Сембаев (-73 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Қыздар:

Анна Казюлина (-52 кг)

Ақниет Тұрдан (-63 кг)

Зере Бектасқызы (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Соңғы жаңалықтар