Дзюдо: Елдос Сметов Қытайда Гран-при жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 25 мамырда Қытайда Хух-Хото қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды sports.kz.

Жарыста ерлер арасында 60 келі салмақ санатында Елдос Сметов топ жарды. Сондай-ақ осы салмақта тағы бір қазақстандық - Ғұсман Қырғыбаев «күміс» еншіледі.

Гран-при турнирі. Хух-Хото (Қытай), 25 мамыр. Ерлер.

-60 келі 
1. Елдос Сметов (Қазақстан)
2. Құсман Қырғызбаев (Қазақстан)  
3. Амартувшин Дашдаваа (Моңғолия) 
3. Альберт Огузов (Ресей).

Хух-Хотодағы Гран-при кезеңі 27 мамырда аяқталады.

Еске сала кетсек, бұл бәсекеге Қазақстаннан 13 дзюдошы қатысуда.

Соңғы жаңалықтар