Дзюдо: Елдос Сметов Grand Slam жарысына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдос Сметов бастаған ел құрамасы Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда ұлттық құрама мүшелері Алматы облысында орналасқан AIBA спорт базасында жаттығуда.
Бас бапкер Айдын Смағұловтың айтуынша, әлем чемпионатынан кейін командада айтарлықтай өзгеріс жоқ.
«Бәрі де бабында, бәрінің де көңіл-күйлері жақсы. Әбу-Дабиден басқа Осакада өтетін Гран-при турниріне рейтингтегі ұпайы аздау спортшыларды апарамыз. Желтоқсан айында жылдың қорытынды жарысы – үздік 16 спортшы қатысатын Masters додасы бар. Ал 2020 жыл, Олимпиада жылы Израильдегі турнирмен басталады. Рейтингтегі ұпайымыз жаман емес, команданың басым бөлігі Токиоға жолдама алады деген сенім бар», – деді А.Смағұлов.
Сонымен, 24-26 қазан күндері Әбу-Дабиде өтетін байрақты бәсекеге Қазақстаннан 16 спортшы қатысады.
Ерлер:
Елдос Сметов
Ғұсман Қырғызбаев
Елдос Жұмақанов
Ерлан Серікжанов
Жансай Смағұлов
Дидар Хамза
Руслан Мусаев
Ислам Бозбаев
Арман Қалиев
Айбек Серікбаев
Ғалымжан Қырықбай
Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
Анна Казюлина
Севара Нишанбаева
Иоланта Бердібекова
Зере Бектасқызы.
- «Астана» биылғы еуромаусымда қанша табыс тапты
- Еуропа лигасы: «Астана» жеңіліп қалды
- Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда
- Оралда дзюдодан Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған республикалық турнир өтуде
-
Бурабайда саятшылардың халықаралық турнирі өтіп жатыр
-
Дзюдо: Сметов пен Қырғызбаев «Masters» турнирінде жүлдесіз қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам