+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Дзюдо: Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

2019 жылғы 25 тамыз 18:48
Бөлісіңіз:
Дзюдо: Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Күрес түрлерінен ӘЧ: Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты Ақмолалық самбошы Азия чемпионы атанды Еркін күрес шеберлері Токио олимпиадасына екінші жолдама жеңіп алды

Елдос Сметов 60 кг салмақта қола жүлде үшін бәсекеде тағы бір қазақстандық Ғұсман Қырғызбаевпен белдесіп, жеңіске жетті.

Елдос ширек финалға дейін Саод Аламириді (Кувейт), Эльиос Манзиді (Италия), Али Хоусровты (Иемен) оңай жеңді. Әйтсе де ширек финалда жапониялық Рюдзю Нагаямаға есе жіберді. Содан кейін жұбаныш белдесуінде тайпейлік Янг Юнг Уэйді таза ұтты.

Тағы бір жұбаныш финалында Р.Нагаяма өзінің атақты отандасы, әлем чемпионы Наоиса Такатоны ұтып кетті.

Ғ.Қырғызбаев жартылай финалда өзбекстандық Шарафутдин Лутфуллаевпен белдесуде иппонға түсіп қалды. Дегенмен оның әлем чемпионатында бесінші орын алуын тым-тәуір жетістік деуге болады.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында 48 кг салмақта Отгонцэцэг Галбадрах сынға түсті. Ол жұбаныш белдесуінде испаниялық Мартинез Абебеленда Лаурадан ұтылып, жетінші орынмен шектелді.

147 елден 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатқан әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT