Дзюдо: Әлемдік Гран При кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-29 шілде күндері Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан өтетін әлемдік Гран При кезеңінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған додаға қатысуға әлемнің 81 елінен 557 дзюдошы өтініш білдірген. Ал Қазақстан құрамасынан 15 (7 ер, 8 әйел) татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Олар:

Ерлер:

Рустам Ибраев (60 кг)

Жақсыбек Жеңісбек (60 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)

Нұрлан Оразалин (73 кг)

Бекжан Абдуалиев (81 кг)

Қырықбай Ғалымжан (+100 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Кәмшат Қарасайқызы (52 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Иоланта Бердибекова (63 кг)

Зере Бектасқызы (70 кг)

Аэлита Щербакова (70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Гүлжан Исанова (+78 кг)

Соңғы жаңалықтар