Джуди Куо: Қазақстан – интернетке қолжетімділік бойынша өңірлік көшбасшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан – интернетке қолжетімділік бойынша аймақтық көшбасшы. АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо елордада өтіп жатқан қазақтілді контент жасаушылардың дәстүрлі форумында осындай пікір білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл QazForum өзінің алғашқы маңызды кезеңін – бес жылдығын атап өтіп отыр және оның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымыз.

Биыл біз қауіпсіздік, даму, өркендеу және негізгі бостандықтарды сақтау жөніндегі міндеттемеге негізделген АҚШ-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біз алдағы жылдары экономикалық, қауіпсіздік және халықтар арасындағы байланыстарымызды нығайта түсуге мән береміз», - деген АҚШ өкілі, бұл Қазақстан экономикасының өсуіне ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағына маңызды актив бола алатынына сенім білдірді.

«Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша аймақтық көшбасшы болып табылады. Бұл қоғамға оң әсер ететін үлкен жетістік. Ақпарат еркіндігіне толық құрмет көрсетіліп, STEM және IT-білімге инвестиция жасалса мұндағы цифрлық нарық, соның ішінде Қазақстанда жасалған медиа өнімдер, тек Қазақстан экономикасының өсуіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия аймағына маңызды актив бола алатынына сенімдімін», - деді Джуди Куо.


Соңғы жаңалықтар