Джорджия штатында ұшақ апатқа ұшырады

None
None
НЬЮ ЙОРК. ҚазАқпарат - Джорджия штатында (АҚШ)жұма күні шағын Cessna-210 ұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Fox News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Апат Де-Калб округінде болды. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ қону кезінде аударылып, өртеніп кеткен. Бортта болғандардың ешқайсысын құтқару мүмкін болмады.

Оқыс оқиғаның себептері белгісіз. Тергеушілер сенбі күні Де Кальбқа келуі керек.


Соңғы жаңалықтар