Джордж Клунидің әйелі егіз бала дүниеге әкелді

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Британдық адвокат, белгілі америкалық актер Джордж Клунидің әйелі Амаль Клуни егіз бала - ұл және қызды дүниеге әкелді. Бұл жұлдызды жұптың алғашқы балалары, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

«Бұл күні Амаль мен Джордж өз өмірлерінің маңызды бөлшегі саналатын Элла мен Александрды үлкен қуанышпен қабылдады. Элла, Амаль және Александрдың жағдайлары өте жақсы. Джордж тыныштандыру бөлімінде, бірнеше күннен кейін қалпына келуі керек», - деді актердің баспасөз хатшысы журналистерге берген сұхбатында.

Актердің жұбайының аяғы ауыр екендігі жайлы қауесет қаңтар айында өткен шаралардың бірінде Амаль Клунидің кең көйлек киіп шығуынан кейін тараған.

39 жастағы Амаль Клуни бірнеше атышулы сот істеріне адвокат болды. Атап айтсақ, ол Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконы, Wikileaks-тың негізін қалаушы Джуллиан Ассанж пен әзербайжандық журналист Хадиджа Исмаиловалардың қорғаушысы болды.

55 жастағы Джордж Клуни көптеген беделді кино сыйлықтарының иегері. Айта кетейік, ол екі рет «Оскар» сыйлығының иегері атанды.

 

Соңғы жаңалықтар