Джохар Царнаев Бостон федералдық соты алдында жауап беруді бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бостон федералдық сотында 2013 жылғы 15 сәуірдегі марафон кезінде жасалған лаңкестік әрекеті үшін айыпталған Джохар Царнаевқа қатысты сот процесінің соңғы кезеңі бойынша тыңдаулар басталды. Айыпталушы Джохар Царнаев он жеті айдың ішінде көпшілік алдына бірінші рет шықты, деп хабарлады dw.de «AFP»-ға сілтеме жасай отырып.

Тергеу қорытындылары бойынша, айыпталушы Царнаев пен оның ағасы Тамерлан АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін болған ең ірі лаңкестік әрекетті жоспарлап, іске асырды. Қылмыс салдарынан үш адам қаза тауып, 264 адам жарақаттанды. Тамерлан Царнаевты ұстау кезінде полицейлердің қолынан қаза тапты. 21 жастағы Джохардың кінәсі дәлелденсе, өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Джохар Царнаев жалпы алғанда АҚШ-тың 30 федералдық заңын бұзғаны үшін айыпталып отыр. Алайда, ол өзіне тағылған кінәнің ешқайсысын мойындап отырған жоқ. Алдын ала тыңдауларда алқа билер сотын таңдау процесі, сонымен қатар, сот отырысын Бостоннан Вашингтонға ауыстыру жағы да талқыланып жатыр.

Істі қарау 2015 жылдың 5 қаңтарында басталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар