+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Джо Байден Дональд Трамптың көптеген шешімінің күшін жойды

2021 жылғы 21 қаңтар 11:31
Бөлісіңіз:
Джо Байден Дональд Трамптың көптеген шешімінің күшін жойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Джо Байден Президент лауазымына кіріскен алғашқы күні-ақ өзіне дейін Мемлекет басшысы болған Дональд Трамптың бірқатар шешімін жоятын Жарлықтар топтамасына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Америка дауысының» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нью-Йорктегі өрт: 240 адам эвакуацияланды,  21-і зардап шекті

Ақ үйдің жаңа басшысы АҚШ-тың Климат жөніндегі Париж келісіміне қосылуы туралы жарлығын шығарды. Есте болса, Дональд Трамп билікке келген кезде ел аталған келісімнен шығып кеткен болатын. Бұған қоса, Байден Трамптың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу, АҚШ-қа әсіресе мұсылман тұрғындары басым елдерден келушілерге тыйым салу сынды шешімдерінің күшін жойды.

АҚШ Президенті көмекшілерінің мәліметінше, алдағы уақытта Джо Байден АҚШ пен Мексика шекарасының бойын жағалай қабырға құрылысын тоқтатады. Сонымен қатар білім алуға ірі көлемде ссуда алған студенттерге көмек көрсетіп, алдағы 8 айдың ішінде пайызсыз негізгі соманы төлеуге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек, алдағы 10 күннің ішінде Байден Конгрестің мақұлдағанын күтпестен Трамптың тағы да ондаған шешімін жою туралы шешім қабылдамақ.

Human Rights First тәуелсіз құқық қорғау ұйымы жаңа Президент Байденнің әсіресе мұсылман тұрғындары басым елдерден АҚШ-қа келушілерге тыйым салу шешімін алып тастағанын қолдап отыр. Ал Калифорниядан сайланған демократ сенатор Дайан Файнстейн Байденнің елдің көші-қон жүйесін «ашық және әділ» жасау үшін өзгертуге ұмтылысын жақтады. Алайда Өкілдер палатасындағы республикашылардың көшбасшысы Кевин Маккарти Байденнің иммиграциялық жоспары пандемия кезінде күрделене түскен америкалықтардың проблемаларын ескермейді, жылдар бойы АҚШ-тың заңнамасын бұзып келген заңсыз иммигранттардың проблемасын шешуге бағытталған деп санайтындығын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#АҚШ   #Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT