Джо Байден Аляскада мұнай өндіру туралы даулы жобаны мақұлдады

None
Фото: aljazeera.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Джо Байден әкімшілігі Аляскадағы «Уиллоу» мұнай ұңғымасын бұрғылау ауқымды жобасын мақұлдап, қоршаған орта қорғаушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

«Уиллоу» жобасы – Аляскадағы федералдық үкіметке тиесілі Ұлттық мұнай қорындағы мұнай ұңғымасын бұрғылайтын көпжылдық мекеме.

Жоба жоспарланған ауданда 600 млн баррель мұнай бар. Бұл мұнай нарыққа жету үшін жылдар керек, себебі жоба әлі жүзеге асқан жоқ. Зерттеушілердің болжамынша, алып жобаны іске асырса қоршаған ортаға жылына 9,2 млн метрлік тонна көмірқышқыл газы шығады, ол ғаламдық жылынуға айтарлықтай әсер етеді.

Өз кезегінде Аляска билігі жобаның мақұлданғанына қуанды, себебі бұл қажетті жаңа кіріс көзі және шалғай аймақтағы жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік. Климаттық топтар мен Алясканың бұрыннан келе жатқан тұрғындары оқиғаны соққы ретінде қабылдады. Олар жоба биоапат тудыруы мүмкін, сонымен қатар, денсаулық пен қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп есептейді.

Жобаға қарсылық ретінде Ақ үйге миллионнан аса хат жолданды, сондай-ақ Change.org сайтында миллиондаған қол жинаған петиция іске қосылды.


Соңғы жаңалықтар