Джиу-джитсудан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Әбу-Дабиде 10-шы мерейтойлық джиу-джитсудан әлем чемпионаты - Abu Dhabi World Professional Championship 2018 өтті. Оған әлемнің жүздеген елінен бірнеше мың спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан құрамасының ересек спортшылары мен спортшы-шеберлері (Master 1: 30-35 жас және Master 2: 36-40 жас) үздік нәтиже көрсетті. 

Қызылкүрең белбеу дәрежесінен Руслана Исраилова (77 кг) күміс медаль иеленсе, көк белбеулер арасынан Галина Дуванова (55 кг) күміс медальді қанжығасына байлады.

Шеберлер дивизионында Ренат Ситназаров (қоңыр белбеу, Master 2) және Османжан Касимов (қызылкүрең белбеу, Master 1) әлем чемпионы атанды.

Альберт Алдияров (қоңыр белбеу, Master 1), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу, Master 1), Айдар Төлейбаев (қоңыр белбеу, Master 2), Айдар Махметов (қызылкүрең белбеу, Master 2), Нұрлан Сермағамбетов (қызылкүрең белбеу, Master 1), Ильшат Османов (көк белбеу, Master 1) және Давид Ряшин (көк белбеу, Master 1) әлемнің вице-чемпионы болды.

Қола жүлдені Ержан Төлебаев (көк белбеу, Master 1), Таир Садықов (көк белбеу, Master 1) иеленді.

Көптеген шетелдік қатысушылар қазақстандық джиу-джитсу шеберлері деңгейінің жыл санап өсіп жатқандығын атап өтті. Мысалы, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер мен балалар дәрежесінде бірнеше алтын, күміс және қола жүлделерге ие болды.

БАӘ-дегі Қазақстан елшісі Қайрат Лама-Шариф қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетті.
null null null 

Соңғы жаңалықтар