Джипті итеріп бара жатқан жүк көлігі желіде қызу талқыға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігі джипті итеріп бара жатыр. Бұл оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнекадрда жүк көлігі Джип көлігін арт жағынан итеріп келеді. Көліктерде жүргізушінің бар-жоғы анық көрінбейді.

Жеңіл көліктің қасында қыз бен жігіт жүгіріп келеді. Олар салонға отыра алмай келе жатқан сыңайлы. Бұл оқиға қай көшеде болғаны белгісіз.

Аталған оқиға туралы полиция департаменті әзірге түсінік берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар