Джип аударылып, 2 адам мерт болды, 12-сі зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Непалдың батысында Баджура ауданында жол талғамайтын көлік биіктіктен құлап, салдарынан 12 адам зардап шекті және екі адам мерт болды, деп хабарлайды Himalayan Times газеті.

Баджура полициясының басшысы орынбасарының айтуынша, жол талғамайтын көлік жоғары өрлеген жолмен көтерілген сәтінде аударылып, 50 метрлік биіктіктен құлаған. Полицияның хабарлауынша, 6 адамға арналған көлікте 16 жолаушы болған. Екі адам аман қалған.

Жол апаты көлікте шамадан тыс жолаушылардың көптігінен, сондай-ақ қара жолдың нашар болуы салдарынан орын алған.

Жергілікті билік құтқару операциясын жүргізді. Кейбір жолаушыларды Колти елді мекеніндегі медициналық орталыққа, ал қалғандарын әуе жолымен Непалдың оңтүстік-батысында Непалгандж қаласындағы ауруханаға жеткізген. Сондай-ақ, ауыр халдегі төрт адамды әуе көлігімен ел астанасы Катмандағы ауруханалардың біріне алып барған.

Соңғы жаңалықтар