Джеймс Бондтың көлігі аукционда $6,4 млн сатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Голдфингер» (Goldfinger, 1964) кинофильміндегі Джеймс Бондтың Aston Martin DB5 көлігі Монтерей қаласындағы (АҚШ, Калифорния штаты) аукционда $6,4 млн сатылды. Бұл туралы жұма күні Sotheby's аукцион үйі хабарлады.
«Әлемдегі ең танымал көлік – 1965 жылғы Aston Martin DB5 жаңа ғана $6,4 млн сатылды. Монтерейдегі Sotheby's аукционы DB5 моделі үшін жаңа рекорд орнатты», - делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында.
Көліктің жаңа иесінің кім екені жария етілмеді.
Киноэкранда машина 1964 жылы дебют жасады. Ол құпия қызметтің британдық агенті Джеймс Бонд туралы үшінші фильмде - «Голдфингер» киносында көрсетілді.
Қазірге дейін Джеймс Бонд туралы 24 фильм түсірілген. Ол көрермендердің көңілінен шығып, жалпы $10 млрд қаражат жинады.
- Нью-Йорк конкурсында қазақстандық актер үздік деп танылды
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
- Қордайда 20-ға жуық жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
- Қазақстандағы АҚШ Елшілігі «30 жыл бірге» науқанын бастады
-
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
-
Нью-Йоркте апатқа ұшыраған автобус эстакадаға ілініп қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам