Джейкобс командасы Головкинді жеңетіндіктеріне сенімді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэниэл Джейкобс өкілдері американдықтың наурыз айында Геннадий Головкинды «бір жақты» ететініне сенімді, деп хабарлайды Sports.kz.

«18 наурыз түні бокс әлемі үшін ерекше болмақ, - дейді Дэниэл Джейкобс командасынан Кит Конолли. - Әлемдегі орта салмақтағы ең үздік екі боксшы айқаспақ. Бұл жекпе-жекті бокс әуесқойлары көп күтті».

«Біз тоғыз жыл бойы  тынымсыз еңбек етіп,  Дэнниді осындай дәрежеге жеткізген Эл Хэймонға алғыс айтамыз. Ол әлемдегі үздік боксшылардың бірі Геннадий Головкинді жеңе алатындай мүмкіндік туғызды. 18 наурыз күні жекпе-жекті тамашалауға келіңіздер. Дэнни биіктен көрініп, Бруклинге барлық белбеулерін қайтарып алады. Оған күмәндарыңыз болмасын». 

Соңғы жаңалықтар