Джевдет Йылмаз Түркияның вице-президенті қызметіне кірісті

Фото:
АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Анкарада Түркия вице-президентінің өкілеттігін тапсыру рәсімі өтті. Фуат Октай 159 күн бойы вице-президент ретінде атқарған жұмысын Джевдет Йылмаздың сәтті жалғастыратынына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Түркияның вице-президенті ретінде мен мемлекеттік құрылымдардың мемлекеттік бюджет мәселесіндегі жұмысын үйлестірдім, мемлекетаралық, оның ішінде түркітілдес мемлекеттермен келісімдердің жүзеге асырылуын қадағаладым, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының билігімен тығыз байланыста болдым. Бұл жолды Джевдет Йылмаз жалғастыратынына сенімдімін», - деді Октай.

Ол мамыр айындағы сайлау қорытындысына жоғары баға берді, сондай-ақ президент Режеп Тайип Ердоғанға ел үкіметінде жұмыс істеу мүмкіндігін бергені үшін алғысын білдірді. Джевдет Йылмаз Түркияның одан әрі гүлденуіне үлес қосатынын атап өтті. «Мен үшін досым Фуат Октайдың қолынан түрік халқына қызмет ету мәртебесін алу үлкен мақтаныш», - деп сендірді жаңа вице-президент.


Соңғы жаңалықтар